Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.
Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты. Біраз уақыттан кейін марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.
Ал 13 қарашада Астанадағы Есіл аудандық сотында Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Малика Мұхитова кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
