"Олжас керемет адам екен деп көп айта берді": Дариға Бадықованың күйеуі әйелінің көңілі басқа адамда екенін сезген
Фото: Видеодан скрин/Іnstagram.com/dariga_badykova
Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жұбайымен арасы суыған сәтті еске алды. Ол Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“2023 жыл “Хотя в киноның” Таиландта түсірілген. уақыт. Ол фильмге түсуге, мен дүмыс барысыммен шетелге кеттім. Сол кинодан кейімн мен бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Келіп алып “Ойбай, Олжас керемет адам екен, көмектесейік, емдетейік” деп ерекше құлшыныспен айта бастады. Сөйтіп “Таптым-ау сені” фильмін түсіретін болдық. Түсірілім басталып кетті, оның ара қатынасы күшейе түсті. “Көңілің кетіп қалды ма” деп сұрап едім, “Ойбай, мен қайтемін” деп сендірді. Түсірілімде Олжас менен қашып жүрді”, – дейді Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі.
Ол түсініспеушілік тің алдын алу үшін актрисамен бірнеше рет сөйлесіп, ескерткенін айтты. Бірақ ол күдігінің бекершілік екенін айтып, жоққа шығарған. Тіпті, түсірілім кезінде жары ретінде жанында жүріп, қолдау білдірмек болғанда Дариға бетін қайтарып, келтірмей қойғанын жеткізді.
Олжас Абаевтың ерлі-зайыптылардың үйінде тұрғаны да белгілі болды. Дархан Мұсаев сол кезде Олжастан да әйелі екеуінің арасы тым жақындап кеткенін айтқанда, актер мойындамай, өз сөзіне сендірген.
“Демін алып алды да “Мамамды, бәрін асырап шаршадым. Кинодан, басқадан ақшаны көтеріп, шетелге кетейінші” деді. Неге осы әңгіме 16-17 жыл бұрын айтылмай, қазір айтылып отыр. Сенің расымен көңілің кетіп қалған жоқ па” деп сұрағанда шашын жұлмалағандай ашуланды. Сөйтіп кетіп бара жатқанда “Сенің байлығың – менің шайлығым. Ақшаң да, байлығың да керек емес, бір нәрсені ғана кешірмеймін. Егер Олжаспен бір әңгімеңді естіп, кетуіңе сол себеп болса сені кешірмейтін, істейтінімді істеймін” дедім. Сөйтіп кетіп қалды”, – деді Дархан Мұсаев.
Актриса кетіп бара жатып күйеуіне анасы мен бауырларына қарасуды сұраған. Сондай-ақ сұхбат бермеуін өтінген.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
