Өлімші болып таяқ жеген баскетболшы көз жұмды
Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінде бір топ жігіт ұрып кеткен баскетболшы Игорь Нанаев қайтыс болды.
Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.
Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні қаладағы түнгі клубтардың бірінің жанында орталыққа келушілердің арасында жанжал шығып, нәтижесінде “Барыс” баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаевты жабыла ұрып, тепкілеп кеткен. Спортшы облысық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Ол аптадан астам уақыт бойы ес-түссіз жатты.
“Бүгін 17 сағат 45 минутта емделуші Нанаев есін жимастан қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалды”, – деп хабарлады облыстық аурухана өкілі.
Әлеуметтік желідегә “Игорь, живи” тобында желі қолданушылары оның туыстары мен сүйіктісі Дария Тарановскаяға көңіл айтуда. “Туыстары мен жақындары, бекем болыңыздар. Бұл әрекетті жасаушыларды Петропавл ешқашан кешірмейді. Бұзақылар табылып, жазасын алады деп ойлаймын”, – деп жазды қолданушылар.
Куәгерлердің айтуынша, оны бір топ адам жабылып ұрғанына қарамастан, полиция тек бір ғана күдіктіні ұстаған.
Игорь Нанаев 1993 жылы Өскеменде туып, жетім өскен. 2016-2017 ойын маусымы басталар алдында Петропавлға келіп, оқу-жаттығу жиынын өткізбекші болыпты. Ол 1 қыркүйекте “Барыс” баскетбол клубының қатарына алынған екен.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да мұғалімнен таяқ жеген бесінші сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті
Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр
Шығыс Қазақстанда бойжеткен жүріп бара жатқан пойыздың астына түсті