Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда талантты баскетболшыны өлімші етіп сабап кетті

Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінде Өскеменнен келген 23 жастағы баскетболшыны соққыға жығып кеткен.

20161005160931

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

Ол Солтүстік Қазақстан құрамасының қатарында жаттығып жүр екен.

“Оны бірнеше адам аяусыз ұрды. Басын асфальтқа ұрып, тепкілеп жатты”, – дейді төбелес куәгерлерінің бірі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі 23 жастағы баскетболшыны сабады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

“Облыс орталығының 23 жастағы тұрғынының денсаулығына зақым келтіру фактісі бойынша СҚО ІІД Тергеу басқармасы ҚР ҚК 106 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды”, – деді СҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Мадина Балгашукова.

Қолданушылардың айтуынша, зардап шегушінің ерні жыртылған, тісі түскен, жағы сынып, бүйректеріне зақым келген. Бас миы да едәуір жарақат алған. Куәгерлер төбелеске ешкімнің араласпағанын айтуда. Игорь арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Дәрігерлер спортшының жағдайы туралы еш пікір білдірмеді. Өскеменнен спортшының ата-анасы мен сүйіктісі келді.

Талқылау