Олимпиаданың 11-ші күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі
Рио Олимпиадасының он бірінші күнінде қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрі бойынша бақтарын сынайтын болады,- деп хабарлайды Sports.kz.
Сурет:khabar.kz
Жарыс күнін ерлер арасында 10 шақырымға жүзу марафонына қатысатын Виталий Худяков бастайды.
Астана уақытымен сағат 18:23-те Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің финалында өнер көрсетеді.
Сағат 18:47-де байдаркада 200 метрге жекелей есу финалында Инна Клинова ел намысын қорғайды.
Сағат 20:19-да жеңіл атлет Анастасия Пилипенко кедергілермен 100 метрге жүгіреді.
Боксшы Жайна Шекербекова (51 кг дейін) сағат 2:15-те ширек финалда әлемнің экс-чемпионы франциялық Сара Урамунмен жұдырықтасады.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін) Астана уақытымен 3:30-да финалға шығу үшін британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді.
Олимпиаданың он бірінші күні қазақстандық спортшылар үшін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) нигериялық Эфе Аягбаға қарсы ширек финалдық кездесуімен аяқталады.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
