Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға қатыспаған теннисші Елена Рыбакина Америкадағы жарыста жеңіліп қалды

X әлеуметтік желісіндегі танымал теннис аккаунты "The Tennis Letter" қазақстандық әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Американың Цинциннати қаласында өткен турнирде жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мәліметтерге сенсек, Рыбакина 1/16 финалдық кезеңде канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

"Фернандес Цинциннатиде Рыбакинаны 3:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Екі матч ұпайы сақталды. Уимблдоннан кейінгі алғашқы матчында Елена өз формасында болмады. Ол екінші сетте 6-5 есебімен матчқа барын салса да, Лейла бұл бәсекеде оза шапты. 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатынан кейінгі бес үздік теннисшіге қарсы алғашқы жеңіс. Бұл жойқын күш", – деп жауап берді басылым.

Кездесу барысында 25 жастағы қазақстандық спортшы 20 соққына ауаға жіберіп, 17 қате жасады.

Еске салайық, бұл ойын Елена үшін Уимблдоннан кейінгі бірінші ойын екенін ескере кеткен жөн. British Open турнирінен кейін қазақстандық қыз Олимпиадаға қатысуы керек еді. Алайда ол денсаулығына байланысты турнирден бас тартты.

 

Айым Атамбаева
Жұма, 16 Тамыз, 2024 09:24
Талқылау