Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың киімдерін Under Armour бренді тігеді

Фото: depositphotos.com

Туризм және спорт министрі Ермек Мырзабосынов Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар халықаралық Under Armour брендінің жауынгерлік спорттық киімдерін алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, биыл Under Armour компаниясымен келісімшарт жасалған, себебі жарыс кезіндегі нәтижеге жауынгерлік спорттық киімнің сапасы айтарлықтай әсер етеді. Жиынтыққа жазғы киімдерден қысқы киімдерге дейінгі шамамен 18 түрлі өнім кіреді. 

“Бұрын жазғы спорт түрлеріне – жазғы, ал қысқы спорт түрлеріне – қысқы форма берілетін. Ал биыл спорттық бренд аясында бір спортшының гардеробында қысқы да, жазғы да спорттық киімдердің болуы ескерілді", – деді Ермек Мырзабосынов.

Министр спортшылардың барлық киімі бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынғанын атап өтті. Сондай-ақ келісімшартқа сәйкес бренд Қазақстанға 70%-дық жеңілдік ұсынады.


Моңғолия спортшылары Олимпиада ойындарына арналған ерекше киім үлгілерімен тағы да таңғалдырды

Милан-2026: қысқы Олимпиадаға қай өңірдің спортшылары баратыны анықталды


Үкімет отырысы барысында журналистер қазақстандық спортшылардың салтанатты формасын сынға алды. Министрдің айтуынша, салтанатты іс-шараларға арналған бұл форма отандық компания тарапынан толықтай тегін тігілген. Спортшылар мен спорт қауымдастығының барлық ескертулері мен ұсыныстары ескерілген.

“Біз одан әрі жетілдіреміз, пысықтаймыз. Жапонияда өтетін Жазғы Азия ойындарына байланысты ашық конкурс жарияланады. Оған барлық отандық брендтер қатысады”, – деді Мырзабосынов.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев спортшыларға мемлекеттік туды тапсырып Олимпиада ойындарына шығарып салған еді. Қазақстан атынан қысқы Олимпиадаға 36 спортшы қатысады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 20:55