Олимпиададағы тарихи жүлдесі үшін Шайдоров "Барыс" орденімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Сосын спортшыны II дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік екенін жеткізді.
Тоқаев Михаил Шайдоровқа шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түскені туралы жазған едік. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды. Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл оның жеке рекорды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты