Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада туды алып шыққан Денис Никиша іріктеу кезеңінен әрі аса алмады

шорт-трекФото:ҰОК

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шорт-трек сайысынан Денис Никиша 1000 метр қашықтықта сынға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол іріктеу кезеңінде Италиялық Пьетро Сигель, Француздық Кантен Феркок жәнк Аустралия елінің өкілі Брендон Кориямен ширек финалға жолдаманы сарапқа салды.

Бұл тартыста Денис Никиша мәре сызығын үшінші болып кесіп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, әр топтан тек 2 үздік нәтиже тіркеген шорт-трекші ғана ширек финалға өте алады. 

Енді Денис Никиша алдағы уақытта 500 метрлік бәсекеде бақ сынайды.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасынан Ольга Тихонова мен Яна Хан жарысқа қатысты. Алдын ала кезеңде қос отандасымыз да өз топтарында соңғы орын алды.

Яна Хан жарыс барысында құлап, мәреге төртінші болып жетті. Осылайша, Тихонова мен Хан жүлде үшін күресті жалғастыра алмады.


Қазақстандық спортшы әлем және Азия рекордын жаңартып, қос бірдей алтын жүлдеге қол жеткізді


Олимпиададағы іріктеу: Қазақстандық шаңғышылар үздік 30 спортшының қатарына ене алмай жарысты аяқтады


 

Ольга Тихонова болса 2022 жылғы Олимпиада чемпионы Ксандра Велзебур (Нидерланд), 2025 жылғы Еуропа чемпионы Кьяра Бетти (Италия) және хорватиялық Валентина Ашчичпен бірге кіл мықтыны анықтады. Бұл тартыста қазақстандық спортшы төртінші орын алып, келесі кезеңге өте алмады.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 16:32