Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны атанды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынында жаңа капитаны болып Назым Қызайбай сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", – делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, қазір боксшылардың әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қызу дайындықтықты бастап кетті. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.



Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ауысып, Асланбек Шымбергеновтің орнына Айбек Оралбай жаңа капитан ретінде тағайындалды. Айбек те, Асланбек те Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған. Дегенмен Айбектің жеңілісіне спорт мамандары төрешілердің қатесі себеп болғанын айтты.

Талқылау