Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада ойындарының жүлдегері атақты жапон дзюдошысы күтпеген мәлімдеме жасады

Фото:IJF

Жапонияның даңқты дзюдошысы Соиши Хашимото 34 жасқа қараған шағында спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы енді жас буынға жол беретінін, армандарының көбін орындағанын айтып отыр.

Ол алдағы уақытта өзін бапкерлік және өзге де бағыттарда сынап көрмек. 

“Мен дзюдодан кетуді шештім. Осы жолда жолыққан жанның бәріне және мені жылдар бойы қолдаған адамдарға шексіз алғыс айтамын. Ұзақ мансабымда талай рет құладым, талай рет қайта тұрдым. Қиындықтарға қарамастан татамиге қайта шықтым және өз арманымның көбін орындадым. Енді жинаған тәжірибемді келесі буынға беріп, түрлі салаларда жаңа сын-тегеуріндерді қабылдағым келеді. Дзюдо маған үйреткеннің бәрін өзіммен бірге алып, өмірімнің жаңа кезеңіне шынайылықпен және толық жан-тәніммен қадам басамын. Барлығыңызға рақмет", – деді ол.

Айта кетейік, Соиши Хашимото 2024 жылы Париж Олимпиадасында 73 келіге дейін салмақта бақ сынап, қола жүлдеге қол жеткізген. Ал 2017 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты. Сонымен шатар 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлде еншілесе, 2021, 2023 жылы қола медальды місе тұтты. Бұған қоса 2016 жылы Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 15:49
Талқылау