Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова Риоға емес Түркияға аттанды

Допинг қабылдады деп айыпталған ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы теңіз жағасында демалуды жөн көріпті.

jpg

2012 жылғы Лондон олимпиадасының алтын жүлдегері деген атағы әлі күшінде тұрған Светлана Подобедова Түркияға ұшып кетті. Спортшы қыз біраз уақытын Анталья жағалауында өткізбекші.

“Жақында, өте жақында теңіз, күн, жағалау күтеді. Барлықтарыңызға керемет көңіл-күй тілеймін!”, – деп жазды Подобедова инстаграмдағы парақшасында. Ол суретке Алматы әуежайында түскен.

Осыған дейін екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильиннің де Риоға бармайтыны белгілі болғаннан кейін, Англияға оқуға кеткенін жазған едік. Ол Ұлыбританияда менеджмент және психология мамандығы бойынша білім алмақшы.

Бұған дейін Илья Ильин және тағы қазақстандық үш олимпиада чемпионы допинг қабылдады деген айыппен сайыстардан шеттетілген болатын. Кейінірек мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильяның Рио олимпиадасына қатыспайтындығын да айтқан. Әлі халықаралық федерация бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамады.

Талқылау