Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Олимпиада чемпионына қомақты қаржы ұсынған”: Дубайдағы әлем чемпионатына қатысты даулы мәлімдеме тарады

Дубай әлем чемпионатыФото:IBA

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковқа ірі көлемде қаржылай ұсыныс жасалғаны туралы мәлімдеме тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұны өзбекстандық блогер Абдурахмон Фозилов өзінің instagram парақшасында мәлімдеді.

Абдурахмон Фозилов айтуынша Абдумалик Халоковқа қомақты қаржы ұсынған, алайда боксшы бас тартқанын айтуда.

“Ұзынқұлақ әңгімеге қарағанда, Абдумаликке үлкен көлемде ақша ұсынған. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан", – деп жазды.

Блогердің айтуынша, бұл ұсыныс Дубайда өткен IBA ұйымдастырған әлем чемпионатының финалынан кейін жасалған. Аталған жекпе-жекте 60 келіге дейінгі салмақта ресейлік боксшы Всеволод Шумков пен Абдумалик Халоков жұдырықтасып, төрешілер шешімімен алтын медаль Шумковқа берілген еді.

Алайда айқас барысында ресейлік спортшының қарсыласының құлағын тістеп алған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Абдурахмон Фозилов осы оқиғаға байланысты жекпе-жек нәтижесіне ашық наразылығын білдіріп келеді. Ол алтын медаль әділ түрде өзбек боксшысына берілуі керек деп санайды.

Ақерке Өмірхан
Сенбі, 20 Желтоқсан, 2025 00:40