Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Лондондағы Олимпиада чемпионы, Рио-де-Жанейродағы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының жүлдегері қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова кәсіпқой мансабын аяқтайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты мәлімдеді.
Рыпакова жеңіл атлетикадан жабық кешендегі 10-шы Азия чемпионатының жабылу салтанатында өнер көрсетіп, баршаға алғысын айтты.
"Мен өз еліме алғыс айтамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап, ең жас жанкүйеріме дейін маған сенім артқаны үшін рахмет. Мені тұлға ретінде кәсіби спортшы ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген тағдырыма ризамын", – деді спортшы.
Премьер-министр Әлихан Смайылов чемпионға отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хат жолдады.
“Сіздің жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталады. Біз сіздің спортқа деген адалдығыңызды және ұстанымдарыңызды жоғары бағалаймыз. Еліміз бойынша мыңдаған балалар сізден үлгі алып, ұлттық жеңіл атлетиканың дәстүрлерін жалғастыруда. Сіздің мансабыңыз қазақстандықтарды шабыттандыратынына сенімдімін. Спортшыларымыз жаңа жетістіктерге жете берсін", – деп жазды Смайылов.
Салтанатты шара соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрметпен бір айналым жүгіріп өтті.