Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тағы бір көлік сыйға берілді

Михаил ШайдоровФото:Arilan Energy

Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровқа электромобиль сыйға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы сыйды чемпионға жергілікті экологиялық компания табыстады. Шайдоров түрлі елдерді аралайтындықтан, мұндай экологиялық бастаманы қолдайтынын айтты.

"Осы сыйлыққа және осы экологиялық бастаманың бір бөлігі болуға мүмкіндік бергендеріңізге рақмет! Мен әлемді көп аралап, әртүрлі елдерде электромобильдерге арналған инфрақұрылымның қаншалықты дамығанын көремін. Бізде басқа елдерге қарағанда көбірек қуаттағыш станциялардың болуы ерекше қуантады. Алматының осы бағытта белсенді дамып келе жатқанына өте қуаныштымын", – деді чемпион.

Бүған дейін Михаил Шайдоровқа Олимпиададағы жетістігі үшін Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілген. Бұдан бөлек, танымал әнші Димаш Құдайберген Hyundai компаниясының Hyundai Palisade автокөлігін Михаилға тарту етті.

Сондай-ақ Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа InDrive сервисінің негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский су жаңа Audi Q8 автокөлігін сыйлаған.

Айта кетейік, Милан төрінде өткен Олимпиадада ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанауда Михаил Шайдоров жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.
 
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 5-орынға тұрақтаған ол, еркін бағдарламада берілген тапсырманы сәтті орындап, жоғары нәтиже көрсетті.
Екі бағдарлама нәтижесі бойынша спортшы 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша ол елімізге 32 жыл күткен алтын медальді ел қоржынына салды.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 15:46