Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров “Милан-2026” шоуына қатыспайды

Михаил Шайдоров 5 сәуірде Алматыда өтетін “Милан-2026” Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны іс-шараны ұйымдастырушылар ресми түрде хабарлады.
"Михаилға кәсіби ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз және спорттық мансабында табыс тілейміз!" – делінген мәлімдемеде.
Алайда жанкүйерлер әлеуметтік желілерде наразылық білдіруде. Көпшілігі Олимпиада чемпионын арнайы көру үшін бармақ болғандарын жазып жатыр.
"Олимпиада чемпионы неге қатыспайды? Себебі неде? Неліктен тек ол ғана мұз айдынына шықпайды? Басқа конькишілердің бәрі қатысып жатыр ғой", "Біз Олимпиада чемпионын көру үшін барамыз, неге ол жоқ?" – деп жазуда жанкүйерлер.
Дегенмен кейбір жанкүйерлер спортшының демалғаны дұрыс деп санайды.
"Әрбір спортшының арманы Олимпиада чемпионы болу. Михаил бұл мақсатына жетті. Ол қатты шаршады: көптеген сұхбаттар, кездесулер, телефон қоңыраулары мұның бәрі оның энергиясын сарқиды. Оған демалып, күш жинау керек", – деп пікір білдіруде оқырмандар.
Аталмыш шоуда София Самоделкина, Ника Эгадзе, Александр Селевко, Лука Берулава, Анастасия Метёлкина, Анастасия Губанова, Нина Петрыкина және басқа да атақты мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоровтың наурыз айында Прагада өтетін әлем чемпионатына да қатыспайтыны белгілі болған еді. Оның орнына Қазақстан атынан Диас Жиренбаев сынға түседі.
Еске салcақ, 21 жастағы Михаил Шайдоров “Милан-2026” Олимпиадасында топ жарды. Осылайша, Қазақстан қоржынына 32 жылдан кейін тарихи алтын жүлде түсті. Бұған дейін Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтынын 1994 жылы Владимир Смирнов жеңіп алған
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?