Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алматылықтарға бауырсақ таратты

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады. Көптеген тұрғындар қуаныштарын жасырмай, чемпионмен еркін сөйлесіп, бірге суретке түсті.
"Наурыз мейрамы құтты болсын. Осы тамаша мерекеде адамдарға эмоция сыйлай алдым", – деп жазды спортшы.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”