Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлем біріншілігіне қатыспайды

24-29 наурыз күндері Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда бұл біріншілікке Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыспайды.
Халықаралық конькишілер одағының ресми мәліметіне сәйкес, оның есімі қатысушылар тізіміне енбей қалған. Оның орнына Қазақстан атынан Диас Жиренбаев сынға түседі.
Айта кетейік, 21 жастағы Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасы ойындарында топ жарды.
Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтаған. Дегенмен еркін бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинады. Бұл оның жеке рекорды.
Осылайша, 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті. Ол жарыс барысында басты қарсыластары АҚШ өкілі Илья Малинин мен жапониялық Юма Кагияманы артта қалдырды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді