Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлім жазасы күтіп тұр: Қандасымыз балаларын көру үшін Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен

Қытайдағы қандасымыз Сайрагүл Сауытбай үшін Қазақстанға өзінен бұрын көшіп келген күйеуі мен бала-шағасына жету азаптың-азабына айналып отыр. Себебі Қытай өкіметі оның шетел асатын рұқсат құжатын алып қойған екен. Ал, балаларын сағынғаннан шекараны кесіп өткен ананың тағдыры қазір қыл үстінде тұр.

Өлім жазасы күтіп тұр: Қандасымыз балаларын көру үшін Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Өзін Сайрагүлдің қайнысымын деп таныстырған Нұрболат Асанның бейне үндеуі елді теңселтіп тастады. Тіпті Қамшы порталы Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне сауал жолдаған. Ал ондағылар Қытайдың құқық қорғау орындары Сайрагүл Сауытбайға іздеу салғанын. Ол «Қорғасқа» Қытай жағынан жеке куәлік пен бір реттік рұқсатнама арқылы кіріп, Қытайға қайтып оралмағанын, ҰҚК оның күйеуімен бірге Бәйдібек би ауылында тұрып жатқанын анықтап Сайрагүлдің үстінен шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғанын айтып жауап берген. Ал әйелін көз алдында шекара қызметіндегілер ұстап әкеткеннен кейін Слам Уәли келіншегінің артынан Қорғасқа іздеп барады. Алайда ондағылар өзімді соққыға жығып күш көрсетті дейді Слам.

“12 сағат сұрау барысында тоқ таяқпен ұрды. Миымнан ұрды. Ішімнен ұрды. Өйткені сен барлығын өтірік айттың деді. Мен өтірік айтсам өтіріктің аты өтірік болады. Бәрі әшкере болады. Сондықтан мен шынымды айттым”, – дейді Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі Слам Уәли.

Ал шындық Сламның сөзінше мынадай. Слам Уәли 2016-ы жылы екі баласын алып Қытайдан Қазақстанға көшеді. Келіншегі мемлекеттік қызметте болғандықтан оны дәл сол кезде Қытай жағы шекара асырмай қойыпты. Слам балаларын анасымен екі жыл бойы Қорғастағы ынтымақтастық орталығына апарып жүздестіріп жүрген. Балаларынан алыс жүргеніне шыдамаған ана биылғы жылдың сәуірінде шекараны заңсыз бұзып өтуге мәжбүр болыпты. Ал Сайрагүл Қытайға қайтарылса, оның жазасы – қатал екен.

“Өлім жазасы болмаса өмірлік түрме жазасы күтіп тұр. Ол ешқашан қайтып Қазақстандағы отбасына болмаса бала-шағасына келе алмайтын қауіп төніп тұр”, – дейді қоғам белсендісі Рысбек Тоқтасын.

Ал заңгер Абзал Құспан Сайрагүлді шекара асырмай елде алып қалудың түрлі жолдары бар екенін ескертті. Оның Қытай асуы елдігімізге сын дейді ол.

“Билік басында мемлекет басында намысы бар қызметкерлер қалған болса Сайрагүл Сауытбайды бермей алып қалудың нақты жолдары бар. Ол жаңағы мен айтқандай саяси баспана беру. Ол кісіні жаңағы сол арқылы құжат жасап беру. Иә, ол шекараны заңсыз кесіп өткен шығар. Бірақ ол еріккеннен өткен жоқ”, – дейді қорғаушы Абзал Құспан.

Яғни, Сайрагүлдің ендігі тағдыры – Қазақстанның жауапты органдарына да көп байланысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау