Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олигарх Қайрат Боранбаевтың соты ашық режимде өтеді

Қаңта оқиғаларынан кейін ұсталған олигарх Қайрат Боранбаевтың соты ашық режимде өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боранбаев

Елордалық  соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жұма күні Астананың Алматы аудандық №2 сотында Боранбаевқа қатысты сот отырысы ашық режимде өтеді.



Боранбаевты 15 наурызда Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстады. 16 наурызда ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. 17 наурызда белгілі заңгер, жер құқығы жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Алматының экс-әкімі мен "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат") партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Боранбаевтың жер алаяқтығы туралы күдіктерімен бөліскен. Дәл сол күні Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны ресми расталды.

Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның келіні болған Алима Боранбаеваның әкесі. Боранбаев Esentai Mall және Esentai Tower акцияларына иелік етеді. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланады. 

Талқылау