"Өлең жазбағаныма 5 жыл болды, тоқырап қалдым": 75 жасқа толған Жүрсін Ерман жан сырын ақтарды

Танымал ақын Жүрсін Ерман 75 жасқа толған туған күнінде “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бүгінде денсаулығы сыр бергенін айтты.
“Денсаулығым болмай отыр. Суық тиіп, қазір әрең отырмын. 75 жас деген оңай емес екен”, – деді ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Сұхбат барысында жүргізуші “Жеке шығармашығында ойындағы дүниенің бәрін жасай алдыңыз ба?” деп сұрады.
“Жасай алған жоқпын. Бес жыл болды, денсаулығыма байланысты қазір өлең жазбаймын. Тоқырап қалдым. Өлең дегенді жүректің оты ыстық кезде жазады. Кезінде қолымнан келгенше жаздым. 20-25 шақты кітап та шығардым. Соңымнан ерген шәкіртім көп. Барлығы менің туған күнімді жасауға барын салып жүр”, – деді ақын.
Айта кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр дертпен күрескен сәтін есіне алғаны хабарланған еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде