Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олардың миы шірімеген": Роза коуч жасы кіші жігіттерге тұрмысқа шығуға кеңес берді

Танымал коуч Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі жұлдызы “Өзіңнен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шығуға бола ма?” деген сұраққа жауап берді. 

“Рұқсатымды беремін. Жас жігіттер жақсы. Оларда демократиялық көзқарас қалыптастырған. Ойлары таза, милары шірімеген. Біздің замандастарымыз 40-қа келді. “Қатын деген бүйту керек” деп отыратын еркектер. Ал жас жігіттер ондай емес. Бес жас кіші жігітпен қарым-қатынас құра бер. Онда тұрған ештеңесі жоқ. Керісінше, саған мотивация болады. Өзің жас көрінуге оның қасында әдемі болып жүруге ұмтыласың. Ең бастысы, абьюзер, тиран болмасын. Сексист болуы да жақсы емес. Сондықтан сенімді болсаң, алға қарай баса бер”, – деді Роза коуч. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, психологтың сөзін әзілге айналдырып жатыр. 

“Өте дұрыс айтады”, “Менің ұнататын адамым да өзімнен жеті жас кіші”, “Қазақтың қыздарынан ештеңені аямайды”, “Махаббат жасқа қарамайды” деген сөздің жаны бар”, “Еркектерге басқа көзқарас қалыптастыруға мотивация”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "30 жастағы жігіт автобуспен жүреді" деп сынаған Роза коучтың кеңесі дауға ұласқан еді. 

 

Талқылау