Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Олардың көзін жою керек": Мәскеу мен Киев Кремльге жасалған шабуыл туралы қандай пікір білдірді

3 мамырда түнде Кремльдегі Владимир Путиннің резиденциясына ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл кезде Путин өз резиденциясында болмаған. Шабуылдан кейін ресейлік белсенділер жауап ретінде "қатаң әрі жоспарлы түрде" соққы жасауды ұсынған. Ал Киев бұл шабуылды ұйымдастырмағанын және бұған мүлде қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

шабуыл

Кремль ғимаратынан шыққан түтіннің видеосы түнгі уақытта жарияланды. Күндіз Кремльдің баспасөз қызметі "ұшқышсыз аппараттардың көмегімен соққы жасауға тырысқандардың жолы кесілгенін" хабарлады. Ал Киев бұл оқиғаның "Ресей үшін Украинадағы бейбіт тұрғындарға жасалған соққыны ақтап алуға негіз болатынын" айтады. 

Жауап ретінде соққы жасау туралы ұсыныстар

Кремльдің хабарламасында "Ресейде кез келген уақытта және кез келген жерде жауап ретінде соққы жасау құқығы бар" екені айтылған. Сондай-ақ билікті қолдайтын блогерлер мен ресейлік саясаткерлер Украинаға жасалатын шабуылды үдету керегін мәлімдеді. 

"Президентке бағытталған теракт – Ресейге шабуылмен тең", – деді мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин. Оның пайымдауынша, Киев билігі "Ресейдің, Еуропаның және бүкіл әлемнің" қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұр. 

"Зеленскийге қару беріп отырған батыс елдерінің саясаткерлері террористік әрекеттің демеушісі ғана емес, сыбайласына айналғанын түсінуі керек", – деп қосты Володин. 

Қырымнан сайланған мемлекеттік дума депутаты Михаил Шеремет Киевтегі Зеленскийдің резиденциясына соққы жасауды ұсынды. Енді келіссөз жүргізудің мәні қалмады деп отыр.

"Олардың көзін жою керек, дереу және аяусыз. Киевтегі Зеленскийдің резиденциясына соққы жасайтын уақыт келді. Координаталарын беруге дайынмын, Банковая көшесі, 11. Бұл жерде Украина президентінің әкімшілігі орналасқан", – деді Михаил Шеремета.

Ал Алексей Журавлев Киевтің орталығына соққы жасап, президент кеңсесін, жоғарғы рада, бас штаб пен Украинаның арнайы қызметі орналасқан ғимараттарды жоюды ұсынған. 

Сонымен қатар Зеленскийдің "көзін жою" туралы ұсынысты Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, Russia Today бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Антон Красовский білдірген. 

Әскери журналист Александр Коц соққыны Зеленскийдің резиденциясына емес, "шешім қабылдап отырған адамдарға бағыттау керегін" айтады. Әрі мұны "аяусыз және жоспарлы түрде жасау қажет" дейді. 

Ал "Әділетті Ресейдің" басшысы Сергей Мироновтың пайымдауынша, Кремльге жасалған соққы "нағыз соғыстың алғышарты". Сондықтан "қорықпай әрекет етуге" шақырды. RT басылымының бас редакторы Маргарита Симоньян өз телеграм арнасында "Енді расымен басталатын шығар?" деп жазба қалдырды.

Ресейлік блогер Герман Куликовский Кремльге соңғы рет 80 жыл бұрын шабуыл жасалғанын айтады. Оның пікірінше, Украинаның қарулы күштерінен хабардар адамдар үшін бұл шабуыл күптеген жайт болмаған. 

Киев Кремльге жасалған шабуыл туралы қандай пікір білдірді?

Солтүстік Еуропа елдері саммитінде сөз сөйлеген Владимир Зеленский Киевтің Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Біз Путинге де, Мәскеуге де шабуыл жасамаймыз. Біз өз жеріміз үшін күресіп жатырмыз, ауылдар мен қалаларды қорғаймыз. Осы үшін де қару жеткіліксіз. Қаруды басқа жерлерде қолданбаймыз. Бізде қару тапшылығы бар. Сондықтан Путинге шабуыл жасаған жоқпыз. Мұны трибуналға қалдырамыз", – деді Зеленский. 

Әйткенмен Путиннің резиденциясына жасалған шабуыл туралы ақпаратқа бірінші болып Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермек пікір білдірді. Ол телеграм арнасында от бейнесіндегі үш эмоджи жариялап, кейін бұл жазбаны өшіріп тастады. 

Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Кремльге жасалған шабуылға Киевтің қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Кремльге түнде жасалған шабуыл туралы ақпарат бізде жоқ. Президент Зеленский мәлімдегендей Украинаның барлық күші мен қару-жарақтары өз жерімізді босату үшін қолданылады, өзгеге шабуыл үшін емес. Мәскеуде болған жағдай 9 мамыр алдында жағдайды ушықтыру үшін жасалған", – деді ол. 

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың пайымдауынша, Кремльде болған жағдай Ресейдің "кең көлемді террористік актіге дайындығын" білдіреді. 

"Украина тек қорғанып отыр және Ресей Федерациясының аумағына шабуыл жасамайды. Неге? Бұл ешқандай әскери мәселені шешпейді. Бірақ бұл Ресейдің қарапайым азаматтарға жасаған шабуылын ақтап алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне Ресейдегі энергетика нысандары мен Кремль маңында дронның ұшуы қарсыластың жасырын әрекет ететінін көрсетеді. Себебі дронды кез келген әскери сауда орынынан алуға болады", – деп қосты Подоляк.

Дронға салынған тыйым

Кремльге жасалған шабуыл туралы ақпарат тарамай тұрып Мәскеу мэрі Сергей Собянин астанада дрон ұшыруға тыйым салған. Мұндай құрылғыны қолдануға "мемлекеттік билік органдарына ғана рұқсат берілген". 

Ал депутат Александр Хинштейн ұшқышсыз аппараттарды қолдануға қатысты заң нормасын енгізуді ұсынған. Депутат Алексей Журавлев "Кремль мен өзге де орындарда дрондарды аулайтын топ құру" керегін айтты. 

Айта кетері, Кремль 9 мамырда әскери парадтың өтетінін және оған Путиннің қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Владимир Путиннің әдеттегі жұмыс кестесімен жұмыс істейтінін айтады.  

Назархан Уән
Бейсенбі, 04 Мамыр, 2023 09:59
Талқылау