"Оларды спаррингте қатты ұрмау керек еді": Әлімханұлы желіде чемпиондарға қатысты жазба қалдырды
Жақында ғана жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласын көкала қойдай етіп сабаған Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға қатысты желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап кезекті рет желіде жазба қалдырды.
“Оларды спаррингте қатты ұрмау керек еді. Қарсыластардың қорыққаны жақсы ғой, бірақ қашқаны біраз жоспарды құртып жіберді. Бұл оқиғалардың бәрі – “Қазақ стилінің” тарихындағы елеулі сәттер. Біз тоқтамаймыз, 2 белбеу қолда, екеуі жолда. Жорық жалғаса береді” – деді Жәнібек.
Айта кетейік, Жәнібек Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9 раундта сұлатып салған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

