"Олар Гитлер мен Наполеонды жеңген": Трамп Зеленскийге Ресейдің әскери қуаты туралы ескертті
АҚШ президенттігіне Кандидат Дональд Трамп Зеленскийге Ресеймен әскери қақтығысты тоқтату қажеттілігін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі rtvi.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті.
"Сіздердің алдарыңызда соғыс машинасы тұр. Олар Гитлерді, Наполеонды жеңген",-деді ол.
Трамп қазіргі американдық көшбасшы Джо Байденді Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа қатысы бар екенін тағы да айтты.
Зеленский АҚШ-қа көмектескені үшін әрқашан риза екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Трамппен жеке кездесуге келісті. Онда олар қандай қадамдар әлемді әділ және шынымен берік ете алатынын талқыламақ.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ президенті болса, "бүкіл әлемге бейбітшілік әкелетінін" жазды.
Бұған дейін Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы соғыс қимылдарын 24 сағат ішінде аяқтайтынын бірнеше рет айтқан болатын.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен