Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол негізі былай болды: “Жезөкшелерді” қамшымен сабаған Жан Ахмадиев өз әрекетін түсіндірді

Көшедегі жеңіл жүрісті қыздарды сабаған Жан Ахмадиев видеоүндеу жолдап, өз әрекетін түсіндірді. Рэпердің әрекеті көпшіліктің талқысына түскен еді.

«Бұл видеоға байланысты үлкен резонанс тудырып, оны дауға айналдырып, шу көтерудің қажеті жоқ еді…

Қазақ қыздарын масқаралау ниетім болмады, «көшеде қыз көрсең ұр» деген ұран да тастаған жоқпын. Мен тек қоғамда жезөкшелік деген проблема бар екенін айтайын дегем, негізі. Түсінетін адамға.

Көп пікір оқыдым: әпке-қарындастарымның 50 пайызы мұны дұрыс түсінбепті. Олай ойламаңыздар! Мен өзім әйел затына қол көтеретін еркектер қатарынан емеспін. Менікі жезөкшелік проблемасын қоғамға көрсету акциясы еді, ал қамшыға келетін болсақ, ол кәдімгі қамшы емес, жай ғана декоративті қамшы. Яғни, сувенирлік. Ол ешқандай жарақат салмайды. Қыздарымыз түсінбей жатыр. Айтайын дегенім сол…», дейді басы дауға қалған заманауи жырау Жан Ахмадиев желіде тараған видеода.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.

ҚР ІІМ Көшедегі жезөкшелерді сабаған Ахмадиевтің әрекетінде қылмыстық белгі жоқ деп тапты.

Тағы оқыңыз:

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Журналист Мөлдір Әуелбекова құрған топтың қыздарына: Сендерге ана емес, сана керек

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Талқылау