Оқу-ағарту министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Фото: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен оқу-ағарту вице-министрі қызметіне Шынар Ақпарова тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шынар Қуанышқызы Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2012 жылдан бастап 2023 жылдан бастап Қарағанды облысы білім саласындағы бақылау департаментінде түрлі қызметтер атқарған.
Жаңа оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова туралы не белгілі
2023–2025 жылдары – Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
2025 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.
Еске салсақ, 2025 жылдың 29 қыркүйегінде Тоқаев Ғани Бейсембаевты оқу-ағарту министрі лауазымынан босатып, орнына экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованы тағайындаған еді.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты