ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Жәбірленушілер полковник Селтановтың “өзіңді соттап жіберем” деп қорқытқанын айтты
Оңтүстік Қазақстан облысында Селтановтардың есімі тағы шыға бастады. Басқа жерде емес, тағы да сол, «ересек оқушылар тарапынан қорланды» делінген жеті жасар балаға қатысты істің төңірегінде.
Облыстық полиция департаментінде білдей басқарма басшысы болып отырған полковник тарапынан «істі тоқтатпасаң, өзіңді соттап жіберемін» деген қысым көрдік деген Абай ауылының биі мен жәбірленуші тарап өкілдері бас прокуратурадан араша сұрап, облыстың бас полицейіне арыз берген, деп хабарлайды 31 арна.
Абай ауылының биі Нұрман Мережепов облыстық ішкі істер департаментінде криминалды полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов куәгерлердің көзінше өзін тікелей қорқытқанын ашық мәлімдеп отыр. Сөзінше, жеті жасар балаға қатысты дауды ушықтырдың деп кінә артқан полковник өзіне «екі ініңді тоқтатпасаң, өзіңді соттаймын» деген.
“Жағам қайырылып қалған екен, типа соны туралаған болып ұстады да, Нұрман саған бетіңе айтамын деді. Мына екеуін тоқтатасың. Тоқтатпасаң, ісім сенімен болып, мен сені подставить етіп құртамын деді. Мен не за что қамалып кетемін бе, бала-шағамды кім асырайды ертең? Әлі барлығы мектепке барады, жас балалар. Мен не үшін қамалуым керек, мен ол жерде болмасам, қатысым жоқ болса бұл тірлікке?”, – дейді Абай ауылы биі Нұрман Мережепов.
Ауыл биіне айтылған үркітуді ести сала, әлгі екі інісі деп отырған жәбірленуші тараптың қоғамдық қорғаушылары Дінмұхаммед Артықов пен Құрманғазы Мүсір бейнежазбадағы шағымдарын әлеуметтік желіде таратқан. Облыстық мәслихат депутатының «іс дәлелін таппады» деп сұхбатты жиілетуі мен уролог-дәрігердің есімін дәлелге қосуын іске кедергі келтіру деп отыр. Өйткені «қорлады» деген оқушылар оқитын мектеп директоры мен дәрігердің ерлі-зайыптылар екені белгілі дейді. Ал бірқатар полицейлердің уақытша қызметінен шеттетілгені қағаз жүзінде қалғанын айтады.
“Шеттетілген жаңағы лауазымды тұлғалар Жұмабаев Нариман, Ибрагимов Әсет және бөлімше бастығы Сариев барлығы жұмысқа келіп жүр”, – дейді 7 жасар баланың қоғамдық қорғаушысы Дінмұхамед Артықов.
“Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазып өткізіп, сол бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды”, – дейді жәбірленуші тараптың қоғамдық қорғаушысы Құрманғазы Мүсір.
Криминалды полиция басқармасы басшысына қатысты облыстық ішкі істер департаментіндегілер әзірге тіс жарып ештеңе айтқан жоқ. Прокуратура органдары да Селтановқа қатысты әзірге мәлімет таратпады. Еске сала кетейік, бала ісіне қатысты Селтановтар әулеті бұған дейін де көп айтылған. Әулеттің үлкені, яғни әкесі аудандық мәслихат депутаты, үлкен ұлы Абайда уролог-дәрігер, келіні мектеп директоры болса, екінші ұлы криминалды полиция басқармасының басшысы. Ауыл биінің қорқытты дегені де, осы полковник.
Тағы да оқыңыз:
Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен
Атырауда ата-енесі бес ұлы мен келінімен бір шаңырақ астында тұрып жатыр