Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды (видео)

ОҚО-да облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов пен аталған мекеменің аудандық бөлімшелерінің басшылары Қарақұлов пен Махатай пара алды деген айыппен тұтқынға алынды.

замглава упрваления

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Күдікті азаматтар кәсіби дайындық және жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырғызу үшін бопсалау тәсілімен заңдық тұлғалардан пара алып отырған.

Парақорлар заңсыз әрекетті 2016-2017 жылдары жүзеге асырған.

15 қыркүйек күні жалпы 6,4 миллион теңге пара алды деген айыппен Полатов, Қарақұлов пен Махатай қолға түсті. 18 қыркүйек күні аты аталған күдіктелер сот шешімімен қамауға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Ақтөбелік келіншек қос сәбиін қоқыстан тапқанымен тамақтандырып жүр

Талқылау