ОҚО-да университет түлегі ең жас әкім атанды
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Жансұлтан Сейітжанов ең жас әкім атанды, ол 25 жаста, деп хабарлайды өңірлік “Отырар” басылымы.
Өңірде белгіленген тәртіппен өткен ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды.
“Сайланған әкімдердің арасында ең жасы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Жансұлтан Сейітжанов болып табылады, ал Мақтаарал ауданы Мақталы ауылдық округінің әкімі Дарханбек Инарұлы 62 жаста”, — деп хабарлады ОҚО облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібеу Өмірәлиев.
Жаңа сайланған әкім Сейітжанов Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік университетін бітірген.
Басылымның атап өтуінше, 95 ауылдық окргутен 320 үміткер тіркелген. Олардың 302-сі — ер адамдар, ал 18-і — әйелдер.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкент тұрғыны әкесіне тірі арыстанды сыйға тартты
1 ай бұрын жоғалып кеткен семейлік қыз Алматыдан табылды
Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды
Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты