ОҚО-да салмағы 11 келі ғана болатын 10 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр
10 жастағы Лаура Сағатоваға дәрігерлер 5 жылдан бері диагноз қоя алмай келеді. Қыз бала жасанды аппаратпен демалып жатыр. Жасанды жолмен тамақтанады.
Айта кетейік, жалғыз басты ана екі қыз тәрбиелеп отырғанын, оның бірі 5 жылдан бері түсініксіз ауырмен ауыратынын және қыздың жағдайы күннен-күнге нашарлап, салмағы 11 келіге жеткенін жазған едік.
“Анасы тұмаумен ауырып қалған. Қызы әлсірей бастапты. Жедел жәрдем қызметін 1 ,5 сағат күтіп, ақыры таксимен емханаға алып келген”, – дейді ерікті.
Лаура жыл өткен сайын әлсіреп, ауруы дендеп барады.
Ерікті Анаргүл Әмірова қыздың туыстарына мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның көмектесіп жатқанын айтады.
Алматы мен Шымкентте екі маман келіп, тексеріп жатыр. Қазір баланың жағдайы бір қалыпта.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Лаураның денсаулығын тексеру үшін елдің білікті мамандары таңдалғанын айтқан еді. Алайда баланың емі шетелден де табылмайтынын мәлімдеген болатын.
Тағы да оқыңыз:
Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)