ОҚО-да Рамазан айының құрметіне тегін таксилер жұмыс бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне тегін таксилер ұйымдастырылды.
Жүргізушілер жолаушыларды түскі ас уақытына дейін керекті жерлеріне апарады.
Бүгін Отырарда Рамазан айының басталуына орай түске дейін ТЕГІН ТАКСИ қызмет етеді. “Осы сауапты іске атсалысқан барша жандарға Алла разылығы жаусын деп, акцияға қосылам деушілер болса орталық “Арыстанбаб” мешітіне келсе болатындығын хабарлаймыз”-дейді ұйымдастырушылар!”, – деп жазады жергілікті тұрғын Еркеғали Таңатаров.
Бұған дейін дәл осындай игі амалды шығысқазақстандықтар да қолға алғандарын хабарлаған еді.
Осы ретте Рамазан айында мұсылмандар жиі ұрынатын қателіктерді оқып, Рамазанда уақытты тиімді пайдаланудың әдістерін зерделеп, сондай-ақ, биылғы жылғы ораза кестесімен де танысып шыға аласыздар дегіміз келеді.
Оқи отырыңыз:
Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-кездесуінде жеңіске жетті
Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты
Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады
ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады