ОҚО-да қыз болып туылған сәби кейін ұлға айналып кеткен (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысында жынысы қыз болып өмірге келген сәби уақыт өте ұл балаға айналып кеткен.
Бұл туралы Қазақстан-Шымкент арнасы хабарлайды.
Ордабасыда осыдан екі жарым жыл бұрын ерекше тұлғалы сәби дүниеге келеді. Дәрігерлер оны қыз деп таниды. Ата-анасы осыған қарап оған Айару деп азан шақыра ат қояды. Арада біраз уақыт өткен соң кішкентай бөбек дамылсыз жылайтын болады. Нәрестенің жыныс мүшесі туылған соң ғана дамып, ұлға айналған. Бұл патология сәби ата-анасының уайымын үдетті. Сол сәби бүгінде емдеуді қажет етеді. Шақшадай басы шарадай болған ата-ана көптен көмек сұрайды.
«Баламыз үшін өмір сүреміз ғой. Болашағына алаңдаған соң ат салысып көмектессе екен деймін. Көптен бар сұрайтыным сол», – дейді анасы.
Айсүннеттің құжаттарын ұл балаға ауыстыру ісі де оңайға соқпапты. Шиеленіскен іс жергілікті тілшілердің араласуымен біткен. Осыдан 3 ай бұрын ресейлік дәрігерлерге ота жасатып, 3 миллион теңге берешек болған. Алдағы уақытта екінші отасы тағы бар.
«Осы жылдың қазан айында жасалатын отасына 6 миллион теңге қаражат керек. Соған байланысты қазақ мұсылман бауырларымыздан қолдарынан келгенше көмек сұраймын», – дейді сәбидің анасы.
Тағдырдың тәлкегіне түскен сәбиге көмек қолын созам деушілерден 8771 630 13 39 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)
12 жастағы бала жалғыз өзі бір жыныстылар некесіне қарсы топқа қарсылық танытты
Жалғызбасты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді (фото)