Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да дәрет сындырып қойғаны үшін ұлына ине сұғып, ыстық су шашқан қатігез ана сотталды

Әйел шалбарына дәрет сындырып қойғаны үшін баласына бірнеше рет ине сұғып, бетіне ыстық су шашқан.

7 жастағы ұлын бұтына жіберіп қойғаны үшін өлімші етіп сабаған қатігез ана жазаға тартылды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 31 жастағы әйелге 5 жыл үкім кесті, деп хабарлайды TVK арнасы.

Енді ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сот процесі барысында кәмелет жасына толмаған балаларының бар екені және жүктілігі ескеріліпті. Сонымен қатар, айыпталушы кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Дегенмен, сот туған ұлына қатігездік танытқан ананы бас бостандығынан айырып, ата —ана құқығынан айырды.

«Шалбарына дәрет сындырып қойғаны үшін баласына бірнеше рет ине сұққан. Онымен қоймай, бетіне ыстық су шашқан. Сондай-ақ, жұдырығымен басынан ұрған. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді», — деді ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнұр Кәрімқұлқызы.

Естеріңізде болса, оқиға осы жылдың мамыр айында болған еді. Басынан ауыр жарақат алып, денесі күйген 7 жастағы бала ауруханаға жеткізілген болатын. Оның қазіргі жағдайы бірқалыпты. Құзырлы органдардың шешімінен кейін ол балалар үйіне өткізілді. Сонымен қатар, айыпталушының бір жастағы қызы болса, бөбектер үйіне жіберілген.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да досының сөзін жерге тастай алмаған жігіт оның тапсырысымен адам өлтірген

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Қазақ жігіті мұқтаж жандарға тегін үй салып беріп жүр

Талқылау