ОҚО-да әйел 4 жасар науқас баласын ауруханада тұншықтырып өлтірмек болды
24 жастағы Тұрсынай есімді ана 4-жасар туған баласын өз қолымен тұншықтырып өлтірмек болған.
Абырой болғанда арашашы табылып, сəбиді дер кезінде өз анасынан құтқарып қалған. Оқиға қалалық ауруханалардың бірінде орын алған. Тұрсынай онда талма ауруына шалдыққан ұлын емдету үшін орналасқан,-деп жазды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.
Ол өзінің қатыгез əрекетін перзентін айықпас аурудан құтқару үшін жасағанын айтып ақталады. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ми қан айналымы бұзылып, оң жағында гемофорез анықталған. Баланы емдету үшін бір емес, бірнеше рет ауруханада жатса керек. Алайда, үйге қайтысымен-ақ, ауру қайта қозып, ауруханадан шықпайтын халге де жеткен.
Аурушаң балақайдың жанында анасының орнына нағашы апасы жатқан кездері де болған екен. Апасы жанында болғанда, баланың денсаулығы нашарламайтын көрінеді. Анасы жанында болса, күндіз жағдайы бірқалыпты болады да, тек түнде анасы алып жатса, талма ұстамасы ушыға түседі екен.
Осыны байқаған ақ халаттылар анасынан күдіктеніп, Тұрсынайдың жанындағы палаталас əйелге оның əрекетін бақылап жүруді тапсырады. Күдік расталып, расында кейінгісі Тұрсынайдың қылмысының үстінен түседі.
“Мен сол күні түнгі кезекшілікте едім. Турсынай қасындағы көрші ананың ем-шара бөлмесіне шығып кеткенін пайдаланып, баласын тұншықтыра бастаған. Оның шынтағымен баласының кеуде тұсын басып тұрған сəтіне дөп түскен ана өз көзіне сенбегенін айтады.
Бала қырылдап қалған екен. Арашалап алған көрші әйелдің аяғына жығылып, Тұрсынай ешкімге айтпауын жалынған. Мен бүкіл дәрігерлер бригадасын және полицияны шақырдым.”,-дейді Шымкент қалалық номірі 1-ші аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлмира Сейдуалиева.
Тұрсынайдың баласын емдеп жүрген невропатолог дәрігер Марина Валиева алғашқыда диагнозды нақтылаудың қиын болғанын айтады.
“Баланың талма ұстамасының нақты себебін ешкім біле алмады. Анасының сөзіне қарағанда, үйде бала көгеріп, тіпті, дем алуы қиындаған. Біз тек ұстамадан кейінгі жағдайын көрдік. Арнайы профессор, дәрігерлер жиналып, консилиум да өткіздік.”,-дейді невропатолог.
Жас ана науқас баласының ауырып, күнде жылап, мазасызданып, қиналғанын көріп, айықпас дерттен құтқару үшін өлтірмек болғанын тергеу кезінде айтқан.
Психиатрлық талдау 24 жастағы оның ақыл-есі дұрыстығын анықтаған. Сот қасақана бала өлтірмек болған келіншекті кінәлі деп танып, 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Жас ана үкімге байланысты шағым келтіріп, оо аппеляциялық сотта қаралып жатыр. Енді аз уақытта оның тағдыры шешілетін болады.
Оқи отырыңыз:
Бөгдепланеталықтардың ізі қалған Қазақстандағы Стоундхендж құпиялары
Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті
Қазақстан мейрахманаларында тамағын тауысып жемегендерге айыппұл салынатын болды
Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті