Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласының тұрғыны Мақсат Мұқанов өзіне әйел іздейтінін айтып көмек сұрады.

maksat-kariya

“Менің жасым – 70-те. Қарақалпақстанның Бируни ауданынан қоныс аударған оралманмын. Әйелім Ұрқия Шарапқызы осыдан 8 жыл бұрын қайтыс болған. «Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан» деген рас, әйелің болмаса қиын екен”, – деп жазады қария Замана газетінің редакциясына.

Үш ұл, бес қызым бар, бәрі үйлі-жайлы, әйелдері, күйеулері жанында. Әйел болмаған соң бәрібір де қиын екен.

Сондықтан өзіме ибалы, иманды, инабатты, ар-ожданды әйел іздеуді шештім. Біреуден екеу болған жақсы ғой, егер үйі бар, еркекті сыйлай білетін, қолынан іс келетін, жаман әдеттерден аулақ, қақ-соқпен ісі жоқ, адамгершілігі мол, адал мен арамды ажырата білетін әдепті әйел табылса, немерем екеуміздің мына телефон нөмірі арқылы хабарласа алады: 8-775-605-49-20.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Алматы облысында оқушыны өлтірген жасөспірімдер сотталды

Кешірім сұрады: Ақтөбеде 2500 теңге үшін кафе әкімшісін өлтірген жігіттер сотталып жатыр

Талқылау