Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 27 жыл бұрын егіз қыздарға үйленген егіз бауырлар тұрады (фото)

Жарасымды жұптың үлгісін көрсетіп, өнегелі отбасы болып отырған тағы бір жанұя Оңтүстік Қазақстанда тұрады.

Бір үйдің егіз қызына үйленген  Асан мен Үсен. Отау құрғандарына биыл 27 жыл. Бір қарағанда қайсысы кім екенін анықтау қиын. Ата анасы кезінде оларды әдеттеріне, Іс-қимылдарына қарап ажыратқан. Ағайынның бірі қазір 4, екіншісі 6 баланың әкесі. Дүниеге тоғыз бала әкелген олардың анасы Сейіл қос егізге жарды өзі таңдап берген. Егіз ұлдарына егіз қыз әперемін деп армандапты. «Ел құлағы елу» емес пе? Күндердің күнінде  көрші ауылда Фатима мен Зәуре атты егіз қыздың тұратындығын естіген, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Анамыз айтушы еді, ей, Үсен сен жарты сағат кішісің! Асан сенің ағаң болады, сен оған ренжіме. Сенің жолың кіші дейтін. Сол қағида құлағымызда қалып кеткен, соны анда санда Үсекеңнің есіне салып қоямын. Жарты сағат кіші екеніңді ұмытпа, шешем айтып кеткен деп» – дейді егіздің сыңары Асан Алтыбай.

«Бұл жігіт маған енді қап-қара болып көрінген еді. Сөздің шыны керек. Содан кейін алып қашып кетті бізді. Сөйтіп, келін болып түстік. Қайшылы деген елге. Құдайға шүкір қазір 27 жыл болыпты, өсіп өніп жатырмыз. Негізі, өмірлерің қалай осылай болар ма еді десе, қуанар едік біз. Ары қарай осылай болғаны дұрыс еді деп» – дейді Үсеннің жұбайы Зәуре Тұрсынбайқызы.

Әуелгіде үй ішіндегілер қос келінді жиі шатастырыпты. Болмаған соң, ата-енесі екеуіне екі түрлі киім кигіздіруге көшкен.

«Үсен мен Зәуре танысты бірінші. Бұлар кейде әзілдеп айтады ғой, Сіздер біздің арқамызда үйлендіңдер деп. Біз бір-бірімізді ұнатып қалдық, содан кейін сендер өздерің ұнатып қалдыңдар деп көбінесе солай айтады» – дейді Асанның жұбайы Фатима Тұрсынбайқызы.

Асан мен Үсен  қазір бір ауылда тұрады. Кішісі Үсен 14 жыл болды өңірдегі  мектептің біріне директорлық етеді. Ал, Асан болса ауыл шаруашылығы саласында кәсібін дөңгелетіп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Егіз қыздарға үйленген егіз жігіттер қалай танысқандарын айтып берді (фото)

Әрсен: Бәріңе менің көзімді берсе, Мереке жайлы бұндай жаман пікірлер жазбас едіңдер

Тойда іш киіміне дейін шешініп, қара жорға билегендер жұртты ашуландырды (видео)

Байлық шақырады деген ырыммен ауыл тұрғындары 5 жасар қыздың басын кесіп амулет жасаған

Талқылау