ОҚО-да 14 жастағы жасөспірімді атып өлтірген күдікті Жамбыл облысы аумағында қолға түсті
Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді өлтірді деген төрт күдіктінің бірі бүгін таңертең Жамбыл облысында ұсталды.
Бұл туралы TVK хабарлайды.
Ворошилов ауданында болған атыста болды деген күдіктіні Шымкент қалалық Еңбекші полиция бөлімшесінің қызметкерлері Жамбыл облысы аумағында ұстаған. Жалпы, күдіктілердің саны төртеу. Қордай ауданы аумағында ұсталған күдікті 1991 жылы туған Шымкент тұрғыны екен.
Жұмыссыз, бұрын да ұрлық үшін сотталған. Ол өз кінәсін толық мойындаған. Енді полицейлер өзге қатысушыларды ұстау әрекеттерін жасап жатыр.
“Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 9 наурыз күні болған атыстан 2002 жылы туған жасөспірім қайтыс болып, 1995 және 1999 жылы туған екі адам ауруханаға жеткізілді. Атысқа қатысқандардың барлығы Ворошилов ауданы аумағында тұрады екен. Полицейлер күдіктілердің барлығының кім екендерін анықтап үлгерді”, – делінген ОҚО ІІД мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, 9 наурыз күні 17:00-де медорталыққа кеуде тұсында бірнеше оқ жарақаты бар жасөспірімді өлі күйінде алып келген. Қалған екі зардап шегуші ауруханада жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)
Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ
Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек
Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыз шекарада 59 мың долларынан айырылды