Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей қызын зорлаған түркиялық азамат қолға түсті: Қазақстанда шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Қазақстанда көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген шетелдік қылмыскерлер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысында Ресейдің Самара қаласында 2023 жылдың сәуір айында өзінің танысын өлтіріп, іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Күдікті 2023 жылдың қазан айынан бері іздеуде болған.

Алматы облысы Қаскелен қаласында 2021-2023 жылдар аралығында Ташкент облысында жалған құжаттарды ұсынып, алаяқтық жолмен 180 млн 476 мың сом ақшаны иемденген Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түсті. Қылмыскерге 2023 жылдың қараша айынан бері іздеу жарияланған.

Алматы қаласында Бішкекте өзінің өгей қызын зорлаған 47 жастағы Түркия Республикасының азаматы ұсталды. Күдіктіге Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдары іздеу салған.

Сондай-ақ 2022 жылы Сочи қаласының тұрғынынан алдап, 1 млн рублін ұрлап кеткен 30 жастағы ресейлік азамат Алматы қаласында ұсталды. Күдікті осы жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.

“Қабылданған шаралар нәтижесінде ІІМ қызметкерлері іздеуде жүрген 1495 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам хабар ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерлерін анықтады. Еліміздің аумағында шет елдерде іздеуде жүрген 642 қылмыскер ұсталды”, – делінген хабарламада.

Талқылау