Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Обыр дертіне шалдыққан жеткіншек маникюр жасап миллион доллар жинап алды

Айықпас дертке шалдыққаныңызды білсеңіз, сіз не істер едіңіз? Обыр дертіне шалдыққаныңды біле тұра, өмірдің аяқталуын күтпей, мына әлемді жақсарта түсу үшін әрекет жасау — нағыз қаҺарманның ісі. Бүгінгі қаҺарманымыз – небәрі 6-жасар даниялық ер бала. обыр дертіне шалдыққан ол жуық арада бұл өмірмен қош айтысатынын білсе де, өмірден түңіліп кеткен жоқ. Ол небәрі бірнеше күннің ішінде қайырымдылыққа жұмсау үшін миллион долларға қол жеткізді.

tzp9icvlnvuhaxytokkd

Бұл туралы Life.ru жазды.

Айықпас дертке шалдыққан Тийн елдің тырнағын бояп, миллион доллар ақша жинап алды. Оның миынан обыр ісігі табылған. Оңалып кетуіне тіптен үміт жоқ деуге болады.

Жеткіншек халықаралық «Қызыл крест» ұйымына қарасты Serious Request  қоры аясында кем дегенде 100 евро жинауды мақсат тұтқан.

ppkofeogs56goi5bc4ln

Ол үшін Тийн қызықты жұмыс ойлап тапты — ол 1 евроға адамдардың тырнағын бояп беруді ұсынған, ал ұсыныстан бас тартқан жандар қайырымдылыққа 10 евро беруге міндеттелген.

Бұл акцияны жеткіншек сәрсенбі күні бастады. Бір тәулікке жетер-жетпес уақытта Тийн 400 мың евро пайда тапты. Бейсенбі күні кешке дейін бұл сомма 700 мыңға, ал 10.30-ға дейін 900 мыңға жетті.

тийййн

Акцияның ел арасында танымал бола шыққаны соншалықты, оған елге танымал жұлдыздар да қатысты. Спортшылар, диджеи музыканттар, белсенділер мен блогерлер. Тийнге тырнағын боятып алған олар жасалған маникюрлерін желіге жариялаудан арланбады.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен шашының түсін бір мезетте бір түстен екінші түске ауыстыра алады (фото)

Гейлер қатарындағы әкесі мен ұлына үйленуге рұқсат берілді

Тойда бұрынғы жігіті қалыңдықтың ұятсыз суреттерін көрсетті (фото)

АҚШ-та полицей сабаққа кешіккен студенттің галстугын байлап берді (видео)

Талқылау