Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Облыс әкімі орынбасарының пара алғанын хабарлаған азамат 12 млн теңге сыйақы алған

Қазақстандық бұрынғы облыс әкімі орынбасарының сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарлағаны үшін 12,2 миллион теңге сыйақы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

"Бір азамат сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 12,2 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл — 120 миллион теңге көлемінде пара алған бұрынғы облыс әкімі орынбасарының әрекеті туралы хабарлама үшін берілген 10 пайыздық сыйақы", — деді Биғайдаров. 

2024 жылы мемлекеттік қызметкерлердің өздері сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын жағдайлары көбейген. Мәселен Шымкентте бір адам екі азаматтың қылмыстық әрекетін әшкерелегені үшін 6 миллион теңге (параның 10%-ы) сыйақы алған. Астанада екі полицейге пара беруге үгіттеген құқықбұзушылар туралы хабарлаған азаматты 3 миллион теңге алған. 

2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 104 азаматқа сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 35,5 миллион теңге сыйақы төледі. Сонымен қатар, 38 мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықпен күреске көмек көрсеткені үшін грамота алды.


Қазақстанда экология саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді


2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 104 азаматқа 35,5 миллион теңге сыйақы төлеген. Сонымен қатар 38 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлықпен күреске көмек көрсеткені үшін марапатталыпты. 

Агенттік мәліметінше, азаматтар көбіне қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін пара талап ету, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану, қамқорлық көрсету, мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтар және басқа да заңсыз әрекеттер туралы шағымданған.

Айта кетейңк, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе онымен күресуге көмектескен азаматтар біржолғы сыйақы ала алады. Төлем тек сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, айыптау үкімін шығарған жағдайда ғана беріледі. 

Сыйақының мөлшері залалдың 10%-ына дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. 2024 жылы бұл сомма 15,7 миллион теңгеге дейін. 

Еске салсақ, осыған дейін Оралдың бас сәулетшісі пара алғаны үшін 7 жылға сотталғанын жазғанбыз. 

Талқылау