Нью-Йоркте жүрген шымкенттік полицей кәсіби рингте 11-жеңісіне қол жеткізді
Дәл қазір Нью-Йоркте тұрып жатқан Димаш Ниязов кәсіби рингте кезекті айқасын өткізіп, жеңіске жетті.
Бұл туралы Sports.kz басылы хабарлайды.
Детройттегі бокс кеші аясында Ниязов бесінші раундта доминикандық Рамон Геварды техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті. Бұл – Ниязовтың 11-ші жеңісі. Ол осы күнге дейін жеңіліп көрмеген. Тек 3 кездесуде тең нәтиже көрсеткен.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш Ниязов 13 жасында отбасымен АҚШ-қа көшіп кетіп, бүгінге дейін сол жақта тұрып жатыр. Қазақстанда боксшы Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігінде жаттыққан.
Жіберіп алмаңыз:
Әділбек Ниязымбетов: Ақша бізге оңай жолмен келсе, неге елдің бәрі Олимпиада чемпионы болып кетпейді
Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды
Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)
Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек