Нью-Йоркте құны 1,6 млн доллар болатын алтынды инкассатордан ұрлап кеткен ұры іздестірілуде (видео)
АҚШ полициясы Нью-Йоркте бұғатталған инкассаторлы мәшінеден 36 килограмм алтынды қолды қылған ұрлықшыны іздестіруде.
Ұрлық 29 қыркүйек күні Манхэттеннің әйгілі Мидтаун ауданында орын алған. Ұрланған алтын шамамен 1,6 млн долларға бағаланып отыр, деп жазды BBC.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрдан ұрлық жасалған көліктің біраз уақыт қараусыз қалғанын көруге болады. Ал әккі ұрлықшыға өз айласын іске асыру үшін небәрі 20 секунд уақыт қажет болған.
Алайда алтын жүк тым ауыр болса керек-ті, ұрлықшы небәрі 10 минутта жүріп өтетін қашықтықты бір сағат жүріп өткен.
Ұры адам көп жүретін көшемен өткен. Арасында дем алу үшін тоқтап тұрған. Біраз уақыттан кейін ол камера орнатылған аймақтан шығып кетсе керек.
Биліктің болжамынша, ұры Нью-Йорктен ізін суытқан, қазіргі уақытта ол Орландо немесе Майамиде болуы мүмкін.
Полицияның болжамынша, ер адам жақын маңда серуендеп жүрген. Қараусыз қалған көлікті көргенде ұрлық жасауға бекінген.
Нью-йорктық полицей Мартин Пастордың айтуынша, ұры контейнердің ішінде не барын білмеген. Миллиондаған доллар тұратын алтын қара метталды шелектің ішінде тұрған.
Полицияның айтуынша, күдікті шамамен 50-60 жаста, өзі латино-американдық, бойы шамамен 170 см, ал салмағы 70 кг.
Жіберіп алмаңыз:
Арыстан балалардың көз алдында жаттықтырушыға тап беріп өлтірді (видео)
Сауд Арабиясы тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды
Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді