Нью-Йорк соты Дональд Трампты алаяқтық бойынша айыптады
Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Трамп ұйымының активтерін бағалау кезіндегі алаяқтық жасады деп азаматтық іс бойынша айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурордың айтуынша, экс-президент банктерден несиелеудің тиімді шарттарын алу үшін өзінің байлығын 10 жыл бойы үстемелеп көрсеткен. Енді саясаткер 355 миллион доллар төлеуі керек.
Сонымен қатар, Трампқа Нью-Йоркте тіркелген кез келген корпорацияда басшылық қызметтерді атқаруға үш жылға тыйым салынды.
Оның ұлдары Дональд пен Эрик те әрқайсысы 4 миллион доллардан төлеуге міндеттелді. Олар 2017 жылы Трамп ұйымын басқарған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”