Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа атақ берілді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа атақ берілді. Ол Жапониядағы Цукуба университетінің Құрметті докторы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
«Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.
А вот и сам документ о присвоении звания Почетного доктора pic.twitter.com/Xbb1tqZ8cT
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) October 23, 2019
Цукуба университеті Жапонияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ондығына кіреді. Университет тарихы 140 жылдан асады. Сонымен қатар Нобель сыйлығын иеленген Синъитиро Томонаги (физика, 1965), Лео Эсаки (физика, 1973) және Хидэки Сиракавы (химия, 2000) тәрізді ғалымдардың есімі осы оқу орнымен байланысты.
Тағы оқыңыз: Тұңғыш президент күніне Нұрсұлтан Назарбаев жайлы қызықты 12 дерек
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"