Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев пен Путиннің кездесуі қазақстандық депутатты алаңдатты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі өзін алаңдатып қойғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Кремль 

Самат Нұртазаның айтуынша, мұндай кездесулерден қорқып қалғанын айтты.

“Шынымды айтсам, мұндай кездесулер іштей қорқыныш тудырады. Бірден ойыма 2021 жылдың желтоқсан айында өткен Санкт-Петербургтегі кездесу оралады. Дәл сол кездесуден кейін "Қаңтар оқиғасы" басталған еді. Әр адам өзінің тікелей жұмысымен айналысып, қазіргі ұстанымына сәйкес сай болуы керек деп санаймын”, – дейді депутат.

Ол биліктен кеткен соң саясаттан алыстап кеткен бұрынғы президенттерді мысалға келтірді.

“Мен Шушкевичтің немесе Кучманың басқа елдердің президенттерімен "бұрынғы" мәртебесінде кездескенін көрген де, естіген де емеспін. Шеварднадзе немесе Акаевтің президенттіктен кеткеннен кейін саяси жиналыстарға келгені есімде жоқ. Неге біздің экс-президентіміз әлі тыныштала алмай жүр? Мәскеудегі жыл сайынғы жиынның не қажеті бар? Әлде бұл әдет болып қалған ба? Мақұлдау үшін Кремльге ұшып бару КСРО кезінен келе жатқан әдет пе? Қалай алсаң да, Нұрсұлтан Әбішұлы – кеңестік номенклатураның адамы. Ол турист ретінде ұшып барса, ешкім ештеңе демес еді. Ал мұнда әуежайдан бірден Ново-Огоревоға тартып кеткен. Алаңдайды екенсің. Шынымды айтсам, қозғалыс пен толқыныстың қажеті жоқ. Халық арасында онсыз да сөз аз емес. Ал Мәскеуге сапардан кейін қоғамда, тіпті биікте де түрлі өсек-аяң тарауы мүмкін. Ондай қаңқу сөз  елдің ынтымағы мен тұрақтылығына теріс әсер етеді”, – деп жазды Самат Нұртаза. 



Бұған дейін Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Назарбаевтың 1994 жылғы бұйрығы болмаса, доллар бағамы 200 теңгеден аспайтынын айтқан еді. 

Талқылау