Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай мемлекет басшыларының ондығына кірді
Фото: Nazarbayev.kz
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең бай қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларының ондығына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл тізімді Brand Vision Insights агенттігі құрды. Сондай-ақ онда келтірілген ақпарат ресми емес және ешбір тараппен расталмаған.
Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш рейтингте сегізінші орынды иеленді. Оның ұзақ уақыт бойы президент болуы қаржылық және саяси ықпалын нығайтуға сеп болғаны айтылған.
“Дәл нақты сандар белгісіз болса да, Назарбаевтың жеке байлығы 1–2 миллиард доллар аралығында деп есептеледі. Бұл көбіне оның отбасының банк секторы, жылжымайтын мүлік және энергетика салаларындағы бизнесімен байланысты", – делінген хабарламада.
Бұл рейтингтте Ресей президенті Владимир Путин көш бастады. Оның активтері 200 миллиард долларға бағаланады.
Сондай-ақ тізімде АҚШ президенті Дональд Трамп, Бруней премьер-министрі Хассанал Болкиах, БАӘ премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мохамад және Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони бар.
Brand Vision SEO (кейде қысқаша Brand Vision Insights деп аталуы мүмкін) – цифрлық маркетинг және SEO агенттігі. Агенттіктің штаб-пәтерлері Торонто мен Чикаго қаласында орналасқан. Олар брендке контент және аналитикалық қолдау көрсететін бөлімді "Brand Vision Insights" деп атайды.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
