Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлікке қатысы бар күдікті ретінде танылмады
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов рейдерлік әрекет бойынша күдікті ретінде танылмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: “Бәйтерек” ұлттық басқару холдингі
Бас прокуратура Нұрлан Нұрлановтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді.
“2025 жылы 22 ақпанда Алматы қалалық полиция департаменті Қанат Амиркиннің қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігі (Озбырлық) бойынша алдын ала тергеу бастады. Аталған қылмыстық іс бойынша Нұржан Нұрланов күдікті ретінде танылмады. Сондықтан ол тұтқынға алынған жоқ”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Нұржан Нұрланов 2022 жылы қаңтар оқиғаларынан бұрын 2019 жылғы ақпаннан бастап "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-ның бас директоры болып қызмет атқарды. Оған дейін 2018 жылы қаңтардан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма мүшесі болып қызмет етті. Сонымен қатар Нұржан Нұрланов Қазақстанның квазимемлекеттік секторында бірнеше басқа да жоғары лауазымдарда болғаны белгілі.
Нұрлан Нығматулин қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылдың 1 ақпанында мәжіліс спикері қызметінен кетті. Ол 2016 жылдан бері парламенттің төменгі палатасын басқарды және бұл оның екінші төрағасы болды. 2012-2014 жылдары мәжіліс спикері болды. Осы жылдар ішінде президент әкімшілігін басқарды, сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі болды.
Еске салайық, бұған дейін отандық кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрланов өзінен "Алатаудорстрой" компаниясын тартып алып, одан үлкен сомада ақша талап еткенін айтқан еді. Сөйтіп Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.