Нұрлан Еспановтың ұлы хейтке байланысты мәселені келіншегімен талқылаған
Фото: Stan.kz/YouTube/ Видеодан скрин
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов екі жыл кездескен қызына үйленді. Желіде хейтке ұшыраған ол Stan.kz-ке берген сұхбатында келіншегімен бұл мәселені өзара талқылағанын айтты.
Олжас Еспанов сүйіктісімен отбасын құрып, әулетіне келін әкелді. Оның таңдауы 23 жастағы тараздық Айнұр есімді аруына түскен. Қазір Айнұр магистратураны аяқтап жатыр.
Олжас үйленбей тұрып сүйіктісімен барлығын алдын ала ақылдасып, келісіп алғанын айтты.
“Мен отбасымдағы жалғыз бала болғандықтан, біз ата-анамен бірге тұрамыз. Бұл мәселе жайында алдын ала сөйлесіп, өзара түсіністік. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі хейт мәселесін де талқылап, ортақ шешім қабылдадық. Отбасы болған соң, пенде болған соң, материалдық жағы мен ақшаны кім басқаратыны секілді мәселелерді де алдын ала ақылдастық. Бір жағынан, жаман пікірлер айтылып жатса, ондай жағдай байдың да, ханның да басынан өтетін дүние екенін айтып, бұл жайында да ашық сөйлестік”, – деді Олжас Еспанов.
"Енесінен аумайды": Нұрлан Еспанов келін түсірді
Сондай-ақ Олжас Еспанов желідегі теріс пікірлерге қатысты өз ойын білдірді.
“Менің пікір оқуға уақытым жоқ. Жазып жатқандарын білемін, не десе де, әркімнің аузына қақпақ бола алмайсың ғой. Осы уақытқа дейін біршама адам танып, оқырмандарым да көбейді. Мұндай дүниелерді мен тек пиар ретінде қабылдаймын. Ондай қатты көңілге алатын нәрсе де жоқ”, – деді ол.
Айта кетейік, Олжас Еспанов жақында сүйіктісіне ұсыныс жасап, некесін қиып, отау құрды.
Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
