Нұрқанат Серікбаев Тбилисидегі “Гранд-Слэм турнирінде топ жарды

Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалда әзірбайжандық Туран Байрамовты соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.
Спортшымыз жарыс барысында бес белдесу өткізіп, барлығында басым түсті. Ол іріктеу кезеңінде Рашид Елкиев пен Дрисс Массон Жбилоуды, кейін Петрос Шрицодоулидес пен Давид Гарсиа Торнені жеңіп, ақтықты сынға жолдама алған еді.
Осылайша айтулы турнирде Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлде түсті.
Бұл Нұрқанат Серікбай “Гранд-Слэм” турнирінде жеңіп алған екінші алтын жүлдесі. Ол 2024 жылы дәл осы Тбилисиде чемпион атанған.
Бұдан өзге 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, жарысқа 51 елден 386 спортшы қатысуда. Турнир 22 наурызға дейін жалғасады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі